«ҚМГ-Аэро» балаларға мереке сыйлады

«Арт-терапевттердің Республикалық ассоциациясы» қоғамдық бірлестігімен бірігіп компаниямыздың өкілдері «Рассвет» балалар лагерінде демалып жатқан Ақкөл, Степногорск және Урюпинсктегі балалар үйінің балаларымен кездесіп қайтты.

Арт-терапевттердің ассоциациясы «ОкеанАрт» Шығармашылық орталығының астаналық тәрбиеленушілермен бірге «Сиқыршы және Мыстан» немесе «Оз елінің шынайы тарихы» сияқты мюзиклдар әзірледі. Жас көрермендер, нақтырақ алсақ, залда кішкентай балалармен қатар (5 жасқа дейін) жоғары сынып оқушылары да қатысты, бар ынтасымен сюжетті мұқият қарап, әртістерге (шамамен өздерімен қатарлас) қошемет көрсетіп отырды. 

Спектакль аяқталысымен арт-терапиялық сессия аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері ҚМГ-Аэроның қызметкерлерімен бірігіп, командаларға бөлініп, өздерінің жарқын әрі көркем суырып салма көріністерін әзірледі.

КМГ-Аэро акциясы аясында балаларға жазғы лагерьде спорт мүкәммалдары табысталды, сондай-ақ ас-шай ұйымдастырылды.

«Арт-терапевттердің Республикалық ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Татьяны Жаньярова ҚМГ-Аэро өкілдеріне арт-терапиялық сессияға қатысқандары үшін алғысын білдірді: «Мұндай кездесулер балалар үшін өте маңызды, онда олар тек қана терапевттермен ғана емес, сонымен қатар басқа да табысты ересектермен әңгімелесе алады. Осындай кездесулердің арқасында олардың бойында болашақта кімге айналатындығы жайлы анық ойлар пайда болады.

ҚМГ-Аэро трансформация бойынша басқарушы директоры Когерсин Жусуповтың айтуынша, бұл кездесу «тек қана балалардың ғана емес, сонымен қатар компания қызметкерлерінің де таланттарын ашуға» мүмкіндік берді. Оның пікірінше, мұндай кездесулер «жақсы дәстүрге» айналуы әбден мүмкін.

Қаланың басқа жаңалықтары"