Біздің міндетіміз – жанармайдың сапасына сенімділік беру. BNEWS.KZ

IATA әуе көлігінің Халықаралық ассоциациясымен ұйымдастырылған өкілдік шарада әуе жанармайымен қамтамасыз ету, осы саладағы қызмет көрсету деңгейін көтеру, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігінің мәселелері, бағаны қалыптастыру мәселелері және халықаралық нарықтардың негізгі тенденцияларының мәселелері қарастырылды. Форумға авиация, мұнай алу және мұнай өңдеу, жанармай құю кешендері, сондай-ақ трейдер, оператор және т.б.  салада жұмыс істейтін әлемнің бүкіл елдерінен 300-ден астам компания қатысты.

Форум пікірталасы аясында жанармай құю компанияларына қойылатын заманауи талаптар талқыланды, соның ішінде, ТМД қолданылатын жанармай тазалаудың (сүзгілеу) деңгейін 10 микроннан Еуропа елдері мен АҚШ стандарты 3-4 микронға дейін көтеру туралы мәселе көтерілді. Сүзгілеудің бұл тазалығы әуе кемелерінің қозғалтқыштары үшін қауіпсіз болып келеді.

«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС Бас директоры Нуркен Мурзагалиевтің пікірінше, нарықтың негізгі тенденциялары мен компанияның стратегиялық жоспарлары бір-біріне сәйкес келеді: «Біз қызмет көрсету сапасын көтеруді басты міндетіміз деп білеміз, бізбен жұмыс істейтін әрбір әуе компаниясы «ҚМГ – Аэро» жанармайының сапасы дәл зауыттағы сияқты болатынына сенімді болуы керек».

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС – «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ 2014 жылы негізі қаланған еншілес ұйымы. Былтырғы жылы компания мемлекеттік авиацияны авиациялық жанармаймен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай оператор болып анықталған. 2015 жылдың қорытындылары бойынша компанияның Қазақстан нарығындағы үлесі 10%-ды құрады.

Ағымдағы жылдың мамыр айының басынан бастап компания қазақстандық әуе компанияларынан бөлек (SCAT, KazAirJet, Жетісу, Жер Су авиа және т.б.) халықаралық әуе тасымалдаушыларына да (сонымен қатар «Аэрофлот» және «Atlas Global»), сондай-ақ іскерлік авиацияға да (үкіметтік және литерлік рейстер) қызмет көрсетуде.

Қаланың басқа жаңалықтары"