ҚМГ – Аэро KADEX-2016 көрмесінің ресми демеушісі болды

Астанада 2-5 маусымда өтетін көрме аясында компания 405 тонна әуе жанармайын және 670 килограмм арнайы сұйықтықты қазақстандық пилотажды топтардың қатысуымен өтетін авиашоуды қамтамасыз ету үшін жеткізуді жоспарлап отыр. Аталған өнім тегін негізде ұсынылмақ. Сондай-ақ компания көрме қатысушыларын жеңілдікті бағамен жанармаймен қамтамасыз етуді жоспарлар отыр.

Көрмеге ресми демеуші ретінде қатысу туралы шешім қабылдау, компания өкілдерінің айтуынша, компанияның еліміздің Қарулы күштеріне авиациялық жанармайды жеткізу бойынша Бірыңғай оператор болып табылуы да біршама әсер еткен.

«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық саладағы құзырлы органға, мемлекеттік материалдық қор саласындағы құзырлы органға әуе жанармайын жеткізу бойынша Бірыңғай оператор болып тағайындалған (Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мұнай өнімдерін жеткізу бойынша бірыңғай операторды анықтау туралы» 2014 жылғы 14 желтоқсандағы  1304 Қаулысы).

«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС – «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ еншілес ұйымы – 2014 жылы негізі қаланған. 2015 жылдың қорытындысы бойынша компанияның Қазақстан нарығындағы үлесі 10%-ды құрады.

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап компания қазақстандық әуе компанияларынан бөлек (SCAT, KazAirJet, Жетісу, Жер Су авиа және т.б.) халықаралық әуе тасымалдаушыларына да (сонымен қатар «Аэрофлот» және «Atlas Global»), сондай-ақ іскерлік авиацияға да (үкіметтік және литерлік рейстер) қызмет көрсетуде.

Қаланың басқа жаңалықтары"